Қазақстанда ұлттық халық санағынан онлайн форматта өту мерзімі ұзартылды

(0 Votes)

Қазақстан азаматтары 8 қарашаға дейін халық санағынан онлайн форматта өте алады.


Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистикалық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ғаля Мұханғалиева мәлім етті.

– Облыс тұрғындарының 8 қарашаға дейін онлайн санақтан өтуге әлі уақыты бар. Санақтан уақытында өтіп үлгермегендіктен, біз Ұлттық бюроға уақытты сәл ұзартуды ұсындық. Облыс тұрғындарын осындай маңызды науқанға атсалысуға шақырамын, – деді Галя Мұханғалиева.

Баяндамашы сонымен қатар облыс аудандарындағы 44 елді мекенде халық санағы мерзімінен бұрын аяқталғанын айтты.

Атап айтқанда, Құрманғазы ауданының 17 ауылында, Қызылқоға ауданының 8 ауылында, Индер ауданының 8 елді мекенінде, сондай-ақ Махамбет ауданының 4 елді мекенінде және толығымен Мақат ауданында санақ мерзімінен бұрын аяқталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT