Ауыл әйелдері белсенді

(0 Votes)

Өткен жылдың желтоқсан айында Исатай ауданы Аққыстау ауылында Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен Атырау облысы ауыл әйелдерінің бірінші слеті және облыстық комиссияның көшпелі отырысы болып өтті.

Облыстық комиссияның көшпелі отырысымен шымылдығын ашқан шара слет аясында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының көрмесіне жалғасты. Аталған көрмеге ауданнан мақаттық «Нұр» ательесінің иесі Бибінұр Мұратова, жеке кәсіпкер Раушан Тілегенова слет делегаттары назарына өз қолдарынан шыққан бұйымдарын ұсынса, доссорлық Гүлмира Жүнісова өзінің тәтті тағамдарын ұсынды.

Слет түстен кейін «Жалын» мәдениет үйінде ұйымдастырылған форуммен жалғасын тапты. Форумда спикерлер ауыл әйелдерінің аумақтар дамуындағы үлесі және алдағы уақытта оны жетілдірудің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Р.Тайшекенова өз саласы бойынша форум спикері ретінде сахна мінберінде ой толғады.

Слет аясында облыс көлемінде әр сала бойынша үздіктер анықталып, біздің ауданымыздан «Үздік ауыл дәрігері» номинациясымен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Р.Тайшекенова , «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясымен Доссор кенті әкімінің орынбасары Г.Ерғожиева, «Үздік ауыл байланыс қызметкері» номинациясымен «Қазақтелеком» АҚ Мақат желілік учаскесінің бастығы Ш.Жұмағалиева марапатталса, отбасылық –гендерлік саясатты жүзеге асыруға ат салысқаны үшін аудандық аналар кеңесінің төрайымы С.Телеубаева және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Хамидуллина облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Облыстық слет дәстүрлі түрде ұйымдастырылатыны жарияланып, келесі жылы ұйымдастыру Махамбет ауданына жолданды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика