Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тұрғындардың аула тазалығы мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында шара өткен болатын.
Аталған акция шеңберінде жарияланған “Үздік үй” номинациясы бойынша Доссор кенті, Т.Текеев көшесі, 187 үйдің тұрғыны Алтыбаев Ғалымжан Жақсылықұлы жеңімпаз атанды.
Ғалымжан Жақсылықұлы өзінің ауласын таза, көрікті ұстаумен қатар, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, өзгелерге үлгі боларлықтай еңбек көрсетті.
Бұл марапат – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі