Ауданда оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

(0 Votes)

Мақат кентінің Х.Санбаев және Бәйгетобе ауылдық округінің орта мектептерінде теміржол мекемелерімен бірлесе Мақат ст. Желілік полиция бөлімшесі «Теміржол-Қауіпті аймақ» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Аталмыш мектептерде профилактикалық сабақ теміржолға жақын орналасқандықтан өткізілді.

Шара барысында  оқушыларға теміржол бойы қауіпті аймақ екені, теміржолды тек арнайы белгіленген жерлерден өту керектігі, теміржол нысандарын тиісті емес орындардан кесіп өтуге болмайтыны түсіндірілді. Сондай-ақ, вагондардың маңынан жүруге болмайтыны, рельстерде тұруға және отыруға тыйым салынғаны айтылды.

Шара мақсаты – теміржол нысандарында, теміржол қиылыстары мен өтпелерінде бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

whatsapp-image-2021-09-13-at-09_26_03

 

Мақат ст. ЖПб-нің бастығы

полиция аға лейтенанты Е.С.Кулманов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521