Ауданда кітап фестивалі өтті

(0 Votes)

Аудандық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында Мақат бастауыш партия ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Кітап әлемі - ғажап әлем!» атты кітап фестивалі өтті.

Фестиваль оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестивалді ашқан кітапхана меңгерушісі Батима Сисенқызы қатысушыларға сәттілік тіледі.  Шара аудандық мәдениет үйінің «Шаттық» би тобының биімен жалғасты.                                 

Х.Санбаев, Л.Шахатов орта мектебінің оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандарын қамтыған шарада  «Әдеби монтаж», «Кітаптан берілген шабыт», «Кім тапқыр, кім шапшаң» тақырыптарында сайыстар ұйымдастырылды.

«Мен оқыған кітаптар» тақырыбымен оқырмандар оқыған кітаптарын таныстырды.

Көп оқыған оқырман «Алтын формулярға» ие болып, «Үздік оқырман» лентасы тағылды. Шараға белсене қатысқан оқырмандар марапаттан құр қалмады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521