Ауданда қару сақтау ережесін бұзғандар анықталды

(0 Votes)

Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде 7-ші қаңтардан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.


Профилактика атыс қаруын және оған тиесілі оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау, сонымен қатар «Тіркелген қару» санаты есебінде тұрған аңшылық қару иелерінің қаруы мен оған тиесілі оқ дәрілердің сақтау ережелерін қатаң бақылау бойынша жұмыстар жүргізу мақсат етеді.


«Қару» жедел профилактикалық шарасы кезінде аудан аумағында ІІМ-нің БДБ-да «Тіркелген қару» санаты бойынша есебінде тұрған қару иелеріне, қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін 2 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 15130 теңге айыппұл салынды.


Сондай-ақ, Доссор кенті аумағындағы рейдтік іс-шара барысында 1 азаматтан ішкі істер органдарына тіркелмеген 4 дана аңшылық қаруының патрондары тәркіленіп, сот баллистикалық сараптамасына жолданды. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабы 1 бөлігі бойынша тиісті құжаттар жинақталуда.


Айта кетейік, рейдтік іс-шараға аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспеторлары, азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобының инспекторлары, сонымен қатар криминальдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері жұмылдырылды. Қызметкерлер сонымен қатар, оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.


Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына ҚР-ның ІІМ-не тіркелмеген заңсыз сақталатын атыс және травматикалық қару, оқ дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырады.


Т.Азбергенов,
Мақат АПБ-нің ӘПБ-нің АжҚҚАБт-ның
Аға инспекторы
полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521