Ауданда қарттар арасында сайыс өтті

(0 Votes)

Бүгін,  29 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Қарттар күніне орай «Атадан өсиет – анадан ұлағат» атты ардагерлер арасында аудандық байқау ұйымдастырылды.

Байқау ата-бабамыздан қалған бай мұрамызды жаңғыртып, жас ұрпақты иманды, мейірімді болып өсуге баулып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды мақсат етті.

f446fc1f-1079-4c49-8ddc-a62c14a97ecc

Байқауға 58 жастан жоғары он ардагер қатысты. Олар үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы «Сәлем сөздің анасы» байқауында ардагерлер өздерін таныстырса, «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты екінші бөлімде ұлттық өнерден паш етті. Бірі ән айтса, бірі қолдан жасалған бұйымдарын таныстырды. Енді бірі өлең оқыса, бірі өзі шығарған арнауын тарту етті. Ал, «Қазақтың ырым сөздері мен тиымдары және салт-дәстүрі» атты соңғы бөлімде қатысушылар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді. Әр қатысушы лэд экраннан көрсетілген ұяшықтардан екі сұрақтан таңдады.

a4a40e08-825e-4ef1-93df-44c6aedca5c9

Сайыс қорытындысы бойыншы, әжелеріміз шығармашылық шеберліктері бойынша арнайы номинациялар және дипломдармен марапатталды.

Атап айтсақ, Діңғали Дәулетбаев бас жүлде, Үмітжан Имашева І орын, Роза Үмбетова және Ерғазы Жоламанов ІІ орын,  Әлия Бүршікова және Қалимаш Сәрсембаева ІІІ орын иеленді. Ал, Шаяхмет Ищанғалиев «Парасатты ата», Сания Есқазиева «Ұлағатты әже», Гүлнәр Құлбатырова «Өнерлі әже», Дыбыс Жалғасбаева «Асыл әже» номинацияларымен марапатталды.

0114fec8-654c-445e-a5cb-de8389de0a04

Сайыс қорытындысы бойынша  Д.Дәулетбаев, Е.Жоламанов, Ү.Имашева, Р.Үмбетова 21 қазанда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521