23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.
Жарыста аудан әкімі аппараты, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының намысын қорғаған «Намыс», құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері қызметкерлерінен құралған «Жалын» және ішкі саясат, экономика және қаржы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімдерін біріктірген «Болашақ» командалары бақ сынады.
Тартысты өткен ойын қорытындысында кіші аяқ добынан І орынды «Намыс», ІІ орынды «Жалын», ІІІ орынды «Болашақ» командасы иеленді. Ал волейболдан «Болашақ» командасы көш бастаса, күміс жүлде «Намыс», қола жүлде «Жалын» командасына бұйырды. Үстел теннисінің кезегі келгенде ерлер арасында І орынға Нұрлан Исполов, ІІ орынға Нұрсұлтан Құрақ, ІІІ орынға Руслан Әліпқалиев жайғасса, әйелдер арасында Айжан Қонысова бірінші, Ақгүл Берікқызы екінші, Бақытгүл Кекілбаева үшінші болды. Тоғызқұмалақ бойынша да ерлерден Нұрлан Исполов чемпион атанса, Нарұл Мамай мен Руслан Әліпқалиев көрінді. Дәл осы спорт түрінен әйелдерден алғашқы үштіктен Замира Ділекеева, Айгүл Өтеулиева және Бақытүл Кекілбаева табылды. Тағы бір ерекше спорт бильярдтан Алмас Имашев қарсылас шақ келтірмесе, одан кейінгі орындарды Ербол Ермағамбетов пен Айбек Оразов жеңіп алды. Спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан естелік кубок, диплом, медальдармен марапатталды. Ауданның үздіктері облыстық спартакиаданың іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады.
А.ЕСЖАН