АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

(0 Votes)

Бүгінде аудан бойынша білім беру ұйымдары коронавирус індетін таратпауға кепілдік беру үшін және қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Ashyq» қосымшасы іске қосылды.

«Ashyq» қосымшасы азаматтардың констиутциялық құқықтарын бұзбайды. Ол - келушілердің мәртебесін тексереді. Қосымша ең алдымен келушілердің өздері үшін қажет. Себебі, осы жоба бойынша жұмыс істейтін объектіге кіргенде, COVID-пен байланыста болу қаупі азаяды.

Аталған жоба мақсаты  қауіпсіз орта құрып, коронавирусты ары қарай өршітпеу. Дерт жұқтырса да қыдырып жүре беруге бейім халықты тырп еткізбеудің әдісі бұл.

Ауданға қарасты білім беру ошақтары мен балабақшаларға кіру үшін енді арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша өз кезегінде тұрғындарды денсаулық жағдайына байланысты қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөледі.

Айта кетейік, қызыл түс ғимаратқа кіруге шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді. Сары түс – науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген, пациентке үйден оқушаулау режимін сақтайтын жерден 500 м аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген. Көк түс – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан басқа жүріп тұруда шектеу қарастырылмаған. Жасыл түс – келушінің ғимаратқа кіруіне шектеу жоғын білдіреді.

Ал,  жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

 

А.МАСАТҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521