Аудан еріктілері оттегі аппаратын алу үшін тұрғындардан қолдау сұрайды

(0 Votes)

Аудан еріктілері әлеуметтік желідегі парақшаларда оттегі концентраттары мен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуға қаражат жинап жатқандығын жариялады.

Иә, қазіргі таңда аудандағы ахуал күрделеніп тұр. Емханаларда күн сайын науқастар көбейіп, медициналық құрылғыларға тапшылық байқалып отыр.

Сондықтан, аудан емханаларына оттегі концентраторлары керек деп шешкен халық пен кәсіпкерлер, еріктілер аппарат сатып алуға жұмыстанып жатыр.

Ауырған адамды уақыт жоғалтпай, дертін асқындырмай, аппаратқа жатқызса - өмірін сақтауға мүмкіндік көбейеді.

Ол адам біздің жақындарымыз, тіпті өзіміз болуымыз ғажап емес. Тоқетері оттегі аппаратын өзіміз үшін, өзіміз сатып алуымыз керек.

Мақат және Доссор кентінің еріктілері жасанды тыныс алу аппаратына қаражат жинауды бастаған күннен бастап, мүмкіндігі жеткенше тұрғындар қаражат аударып жатыр.

Сіз де қолдау білдіргіңіз келсе мына есеп шоттарды ұсынамыз:

Доссор кенті бойынша:

Каспий голд: 5169497150054280
Каспий номер: +77013732020
Нурман Галымжанович
ЖСН: 761020301265

Мақат кенті бойынша:

Каспий голд: 5169 4971 4349 2845
Каспий номер: +77751220196
Әнуар Жеңісұлы
ЖСН: 960914350301

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521