Аудан балуандары ел чемпионатына жолдама алды

(0 Votes)

Қазақ халқына әуелден командалық ойындардан гөрі жекелей спорт түрлері оң жамбасына келеді. Оның ішінде жекпе-жектің түрлері ықылым заманнан қанымызға сіңген. Біздің ауданымызда да жастайынан күресті жанына серік еткен балуандарымыз аз емес.

Аудан орталығы Мақат кентінде әсіресе еркін күрес жақсы дамыған. Оған дәлел жас өрендеріміздің барған жерден құр қайтпайтын жетістіктері. Жақында Атырау қаласынан тағы бір қуанышты жаңалық жетті.

Бұл жолы балуандарымыз 24-26 қаңтар күндері өткен Қазақстан Республикасы біріншілігіне облыстық іріктеу ойындарында атой салды.

Нақтырақ айтқанда, 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында 55 келі салмақ бойынша Амандық Жұмабай қарсылас шақ келтірмей  бірінші орынды жеңіп алса, 65 келіде Ақжол Аққойшиев 2 орынға қол жеткізді. Ал 61 келіде өнер көрсеткен Алпар Мұратұлы мен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Дархан Қарасаев қола жүлдені қанағат тұтты.

2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 68 келіде Ербол Маратұлы және 92 келіде Жансерік Ерғали жарыс жеңімпаздары атанды. 41 келіде сынға түскен Диас Қарасаев пен 75 келідегі Назархан Толыбай финалда ғана қарсыластарынан есе жіберді. Сонымен қатар 44 келіде Нұралы Жауылбай және 57 келіде Нұрдаулет Сұлтан үздік үштікке енді.

Амандық Жұмабай, Жансерік Ерғали, Ербол Маратұлы, Ерасыл Сайрановтар ел чемпионатына жолдама алды.

Жастарымыздың жетістіктері олардың нағыз боз кілем шеберлеріне айналу жолында аянбай тер төгіп жүрген Амирхан Джугинисов, Аян Абаев, Нұрлыбек Аққойшиев, Ерболат Бисенбаев және Исмет Асқаров сынды «Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» бапкерлерінің арқасы екендігін айта кеткен жөн.

whatsapp-image-2022-01-31-at-15_06_10

                                                                                                                                             А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521