Аудан аумағында шектеу шаралары күшейтілді

(0 Votes)

26.06.2020 ж._ №49 МБҚ_

Мақат ауданының аумағында 2020 жылғы 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы

Мен, Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. Жумагалиева Гульжамал Айтмухановна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 21-бабының 12-тармағының 6) тармақшасын, 150-бабын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын басшылыққа алып, сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындардың, оның ішінде вахталық нысандағы өндірістік нысандардың жұмысшылары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуына орай, Мақат ауданының халқы арасында КВИ-дің таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

I. Мақат ауданының аумағында 27 маусым сағат 00:00-ден бастап 29 маусым сағат 00:00-ге дейін қосымша уақытша шектеу шаралары енгізілсін.

1. Келесілерге тыйым салынсын:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алулар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;

2) мынадай жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруына:

- жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтамасы (не қызметтік куәлігі) болғанда;
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын және жұмыс орнына жақын дүкендерден және дәріханалардан сатып алуды;
- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға баруды;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендетуді.

3) 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуға.

4) төмендегі объектілердің қызметі:

- «үйдегі дүкендер» форматындағы, жұмыс режимі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейінгі филиалдарды қоспағанда, сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтары мен үйлерінің, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілерінің;
- жеткізу бойынша жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда, қоғамдық тамақтану нысандарының;
- фитнес-орталықтары мен басқа да спорт объектілерінің;
- сұлулық салондарының, шаштараздардың және қызмет көрсету саласының басқа да объектілерінің;
- жеке меншік моншалар, бассейндер, сауналардың;
- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың және халықтың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі;
- жедел жәрдем көлігін, авариялық қызметтерді және басқа да арнайы органдарды, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың көлігін қоспағанда, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын.

2. Мақат ауданы мен Мақат, Доссор кенттері, Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдіктері осы қаулының 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3.Кәсіпкерлік субъектілеріне:

Уақытша тоқтата тұру кезеңінде сауда орталықтары мен үйлерінде, базарларда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерді сату объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және меншік нысанына қарамастан адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстарды жүргізсін;

4. Мақат аудандық ауруханасында және стационарларда жоспарлы медициналық қызмет көрсетуді тоқтату.

5. Мақат аудандық полиция бөлімі енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шаралар қолдансын;

II. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық жұмыс режимі бар кәсіпорындардың басшыларына:

1) вахтаға шыққан кезде қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жері бойынша ПТР тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін.

2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ-ның №21 қосымшасына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығу (кіру) тәртібін қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту.

3) вахталық жұмыс режиміне шығатын қызметкерді COVID-19-ға тестілеу кестесін жасау және аумақтық ТКҚСҚББ-мен келісу.

III. Мақат ауданында карантин және шектеу шараларын енгізу туралы бұрын қабылданған қаулылар әрекет етуді жалғастыруда.

IV. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

V. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

 

Г.А.Жумагалиева,

Мақат ауданының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігерінің м. а 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT