Аудан активі Жолдау жүктеген міндеттерді талқылады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылауға арналған актив жиналысы өтті. 

Алдымен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн режимде Жолдау жүктеген міндеттерге қатысты арнайы баяндама жасап, оның болашаққа бағдарланған жаңаша дамуды көздейтін бағдарламалық құжат екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы – халқымыздың көкейінде жүрген күрделі мәселелерге нақты шешім жолдарын ұсынды. Әлемді әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Осы ретте экономикалық-қаржылық дағдарыс жағдайында дамудың тетіктері мен жасалатын нақты істер Жолдауда жан-жақты баяндалғанын атап өткім келеді. Сондықтан Жолдау жүктеген міндеттерді басшылыққа алып, жүйелі жұмыс жасау – жергілікті биліктің басты ұстанымы»,- деді облыс әкімі.


Аудан активі де президенттің стратегиялық даму бағдарламасына бір ауыздан қолдау білдіретінін жеткізді. Аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды мерзімінде орындау міндет екенін, барлық азаматтар бар-күш жігерін Президент Жолдауында белгілеген міндеттерді іске асыруға жұмсау керектігін айтап өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі сөз соңында Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT