Аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандағы жылыжайларды аралады.
Атап айтқанда, «Мұнай айдаушылар бөлімшесі», 402 елді мекені және локомотив ықшам ауданында орналасқан жылыжайлардың жай-күйімен танысты.

Аралау барысында аудан әкімі жылыжай шаруашылықтары иелерінің мәселелерін талқылап, бірқатар ұсыныстарын тыңдады.

Сондай-ақ, ол жылыжай шаруашылығын дамыту – бүгінде басым бағыттардың бірі екендігін жеткізіп, жылыжай иелеріне мемлекет тарапынан қашанда жан-жақты қолдау бар екендігін айтып өтті.


Одан бөлек, айтылған мәселелердің шешу жолдарын атап өтіп, кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Ә.Қасым


