Әр сайлаушының дауысы маңызды

(0 Votes)

«Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова Zoom байланысы арқылы аудан педагогтарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Әсел Шайзадақызы Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағытын таныстырды.

Еліміздегі саяси реформалардың басты бастамашысы және іске асырушы аталмыш партияның негізгі мақсаты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту екенін атап өтті. Кездесу барысында ауданды  көркейту бағытында жүзеге асқан бірқатар ауқымды шараларға және алға қойылған жаңа жобалар мен жоспарларға кеңінен тоқталды. Дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенетін «Nur Otan» партиясына айтар ұсыныстарын жеткізген мұғалімдер саяси науқаннан тыс қалмайтындықтарын айтты.

zum-1

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақ мемлекетін құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек. Сол үшін Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн» деген еді. Осы ретте сіздер, интеллигенция өкілдері, әрдайым кейінгі ұрпақты саналы азамат ретінде тәрбиелеуде жауапты қызметтесіздер. Осы ретте  Отан, туған жер ұғымдарының тереңіне бойлап,  елім деп еміренер азаматтардың өсуіне себепші болайық» деді Ә.Шайзадақызы. 

Шара соңында аудандық сайлауалды штабының мүшесі мұғалімдерді 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді түрде қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.      

Е.МЫРЗА.

 «Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521