Ақсақалдарға құрмет көрсетілді

Ақсақалдарға құрмет көрсетілді
(0 Votes)

Аудандық ардагерлер кеңесінде 1 наурыз алғыс айту күніне орай ауданда заң мен тәртіп қағидатын нығайту жолында бірлесе қызмет атқарған бірқатар аудан ардагерлері марапатталды. 

Шара барысында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Бақытжан Әбділдиев құттықтау ізгі тілегін жолдап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Сүлейменұлы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабылхан Мұхамбетұлы, Шаяхмет Боханұлы және Ғалымжан Халенұлына Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің алғыс хатын табыс етті.

Іс шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Сүлейменұлы қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет екенін айтып, ішкі істер органының басшылықтарына ризашылығын білдірді.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT