Альбина - үздік тәрбие менеджері

(0 Votes)

Жақында облыстық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік тәрбие менеджері» облыстық байқауы өтті. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған сайыста аудандық және қалалық кезеңде жеңіске жеткен тоғыз қатысушы бақ сынады.

Аталмыш байқау «Обьективте: тәрбие жұмысы», «Дарынды тәрбие менеджер», «Коуч менеджер» деп аталатын үш бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде тәрбие менеджерлері өз білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысын «Pecha-kucha» форматында таныстырды. Онда өзі тәрбие менеджері ретінде лауазымдық қызмет атқарған мерзіміндегі тәрбие үдерісінің шығармашылық зертханасын, тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын педагогикалық тәжірибе түрінде насихаттады. Ал, екінші кезеңде ұйымдастыру комитеті дайындаған монологтерді мазмұнына сәйкес оқыды. Бұл бөлімде қатысушының дарыны мен шығармашылығы, интерпретациялық қабілеті бағаланды. Соңғы кезең он минут ішінде таңдалған тақырып төңірегінде тренинг өткізумен қорытындыланды. Бұл бөлімде қатысушылар залда отырған көрермендер мен басқа қатысушыларды өз тренингіне қатысуға қызықтыру қажет болды.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған байқауға аудандық кезеңде сегіз ұстаздың ішінен топ жарып шыққан Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Альбина Қайырғожиева қатысып, І орын иеленіп жеңімпаз атынды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521