Алтын құрсақты аналарға құрмет

Алтын құрсақты аналарға құрмет
Суреттер автордікі
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұрпақ санын арттырып, елдің демографиялық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген «Алтын және күміс» алқа иегерлерін марапаттау шарасы өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жолдады.

«Көпбалалы ана – бұл мемлекеттің алтын діңгегі. Өмірдің барлық жағдайында ата-ана тәрбиесінің маңызы орасан зор. Отбасының ұйытқысы болып, тағылымды тәрбие мен ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүген сіздерге алғысымыз шексіз»,- дейді аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №739 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға салтанатты түрде алтын және күміс алқаларын тағып, ықылас гүлін табыс етті.

Құрметке бөленген аналар қатарынан Бакытгул Канатбаева алтын алқамен және Сауле Ауезова, Айнаш Куанышева, Арай Исмагулова күміс алқамен марапатталды. Шара соңында алтын және күміс алқа иегерлері аудан басшылығына алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT