Ақ бидай-2021: әзірге үздік үштіктеміз

(0 Votes)

Төрт жылдықтың басты бәсексіне айналған олимпиада ғана емес. "Ақ бидай" ауыл спорты ойындарының облыстық деңгейі жалғасуда.

Аталмыш додада аудан намысын қорғап жатқан қыз-жігіттеріміз жарап тұр. Мәселен мұнайлы мекеннің оң жамбасына келетін шағын футболдан жігіттеріміз алдына жан салмады. Шағын футболдан жүлдені 8 команда екі топқа бөлініп, сарапқа салған еді. Топтық кезеңде жеңіліс таппаған жігіттеріміз алғашқы ойында жылыойлықтарды қапы қалдырса, артынша индерлік аяқдопшылардан ірі есеппен айласын асырды. "Аққыстаумен" тең ойында жеткілікті болғандықтан тер төгудің аса қажеттілігі бола қоймады. Есеп екі де екі. Келесі топтан екінші орынмен шыққан Атырау қаласының құрамасы жартылай финалдағы жұбымыз болды. Таблода тағы да тең есеп 0:0. Пенальти сериясында қарсыластардың екі добын тосқан Алтынбек Қосекенов аудан құрамасын финалдық ойынға жетеледі. Арғы жақта "Аққыстаудан" айласын асырған құрманғазылықтар финалдық ойында оңай шағылмайтынын дәлелдеп бақты. Десе де шын мықтыға тұсау бар ма?! Ойынның бітуіне бір минут жиырма секунд қалғанда Сағытжан Каримов қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Бұл аудан жетістіктерінің басы ғана болатын.
Асық атудан да жерлестеріміздің алдына түсер адам табылмады. Дүбірлі додада ерлер құрамасы бес табаннан, әйелдер құрамасы бес асықтан бақ сынаған еді. Бұған дейін де облыста чемпион атанып жүрген спортшыларымыз бұл жолы да жүрісінен жаңылмады. Облыстық жарыстарда финалдағы тұрақты қарсыластарымыз атанған қызылқоғалықтар бұл жолы да қапы қалды. Айналым жүйесі бойынша барлығымен бақ сынасып көрген әйелдер құрамасы да ұпай санымен оқ бойы озық шықты.

63d9f362-4bed-4128-b84a-be220fcc6b1c
Жеңіс тұғырына көтерілгендердің жолын гир спортындағылар жалғады.78 кг салмақта сынға түскен Әмір Қосмурзиев екі 32 кг кіртасын 50 рет көтеріп өзінің жеке рекордын орнатты. Орнатып қана қоймай алтыннан алқа тағып, республикаға жолдама алды. 85 кг салмақта өнер көрсеткен Аян Абаевта бірінші орын үшін біраз тартысты. Қарсыласынан санаулы грам ғана кем көтеріп, екінші орынға орнықты.


Білекті жігіттер бұнымен тынбады. Қол күресінен қоржында қос қола, бір күміс. 60 кг салмақта Думанбек Бақытжанов пен 100 кг салмақта Айдын Хасанов үздік үштікті түйіндесе, 100 кг бойынша Думан Құмаров екінші орынды місе тұтты.
Волейболшларымызға сәттілік жетіспей қалғанымен спортшыларымыз үстел теннисінен тағы да ақтық сында өнер көрсетті. Алайда құрманғазылықтар шағын футболдан кеткен есесін үстел теннисінен қайтарды. Ал, әйелдер құрамасы исатайлықтарға жол берді. Қос күмістің өзі қоржынымыздағы ұпай санын арттыруға көмектескені анық.
Талайды таңғалдырып жүрген кикбоксшыларымыз облыстан жүлдесіз қалсын ба?! 60 келі салмақ бойынша Нұрлыбек Ордабаев алтыннан алқа тағып, 67 келі салмақта Қанат Бауыржан күміспен күптелді. 63,5 келі салмақ дәрежесі бойынша Сәндібек Сақтанов пен 57 келі салмақ дәрежесінде Диас Әміров қоланы қанағат тұтты.

6e8ed422-bc02-4ccf-8d3e-fd3786804cd9
Ауыл спорты ойындары 27-30 қыркүйек күндері Президенттік көп сайыспен жалғасын табатын болады. Әзірге Құрманғазы мен Исатайдан кейін үшінші орындамыз. Санаулы ғана ұпайлармен алға шыққан әріптестерімізді қуып жетуге толық мүмкіндігіміз бар. Сондықтан да спортшыларымызға тек сәттілік!


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521