Жылыой мектептерінде стоматология кабинеті ашылуда

(0 Votes)

 Биыл Жылыойдағы екі мектепте стоматология кабинеті пилоттық режимде жұмысын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Алдағы уақытта оқушы саны 1 мыңға жуықтайтын мектептерде стоматология кабинеті ашылады. Мұны Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

"Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет" деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Осы орайда, 2028 жылға дейін облыс бойынша 48 мектепте стомотологиялық кабинет ашылады деп күтілуде. Бл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

- Келер жылы 8 мектепке тіс емдеу кабинетін ашу жоспарланды. Оның 4-еуі қаладағы мектептерде болса, қалғаны аудандарда болмақ. Ол жерде алдымен баланың тісін алдын-ала тексеріп, сауықтыру көмектері көрсетіледі. Тіс эмалы нашар балаларға тісін қатайту мақсатында түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі, - деді облыстық балалар стоматологиялық емханасының директоры Нұргүл Намазгалиева.

Еске сала кетейік, мектептерде стоматологиялық кабинет ашу жұмысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен “Сау тіспен-болашаққа” жобасы аясында жүзеге асады.

Анықтама үшін: былтыр облыстық балалар тіс стоматологиясында 55 мың бала қабылдауда болса, биыл жыл басынан бері 64 мың бала тіс дәрігеріне жүгінген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT