Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен 18 көшеден 3000 тонна қоқыс шығарылмақ

(0 Votes)

 "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен 2 апта бойы Құлсары қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

- Қалада су тасқынынан туындаған проблемаларды жою бойынша жүйелі жұмыстар бір сәтке де тоқтаған емес. Сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін коммуналдық мекеме 100 мың тонна қоқыс шығарды. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын табатын болады, - деді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адинов.

Осыған дейін Жылыой ауданының әкімдігі, “Теңізшевройл” компаниясы мен мердігер мекеменің арасында үшжақты келісім жасалған. Соның аясында тасқын салдарынан бүлінген үйлер орналасқан 18 көшеден шамамен 3000 тонна тұрмыстық қалдық шығару жоспарланып отыр.

- Жылыой ауданы әкімдігінің бастамасын қолдап, қала көшелерін тазалауға атсалысып жатырмыз. Жалпы бұл жұмысқа 4 жүк тиегіш, 10 самосвал бөлініп, мердігер мекеменің 10 қызметкері тартылған,- деді компанияның Жылыой ауданындағы өкілі Нұрлан Ерғалиев.

Айта кетейік, жалпы Құлсары қаласының тазалағына “Жылыой тазалық” мекемесі жауапты. Күнделікті аудан орталығын тазалау жұмысымен 100-ден аса қызметкер мен 20-дан астам техника жұмылдырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT