Жолдау жаңғырығы: АЭС құрылысының маңызы неде?

(0 Votes)

Жаз келіп, үйлерде салқындатқыш жүйелер қосылған кезде электр энергиясына тапшылық туындайтыны белгілі. Сол кезде өңір энергетиктері қуатты көршілес мемлекеттен алуға мәжбүр болып отыр. Атом электр станциясы салынған жағдайда ең алдымен осынау проблема шешімін таппақ. Бұл туралы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының бастамасымен «Атырау-Жарық» АҚ базасында өткен «дөңгелек үстел» барысында атап айтылды.

Menu Атырау газеті Search for img 20240921 wa0028 Home/Жаңалықтар Жаңалықтар Жолдау жаңғырығы: АЭС құрылысының маңызы неде? Admin21.09.2024 09:11 13 Жаз келіп, үйлерде салқындатқыш жүйелер қосылған кезде электр энергиясына тапшылық туындайтыны белгілі. Сол кезде өңір энергетиктері қуатты көршілес мемлекеттен алуға мәжбүр болып отыр. Атом электр станциясы салынған жағдайда ең алдымен осынау проблема шешімін таппақ. Бұл туралы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының бастамасымен «Атырау-Жарық» АҚ базасында өткен «дөңгелек үстел» барысында атап айтылды. img 20240921 wa0034 Қоғамда қызу талқыға түскен мәселе қозғалған дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, қаржы және есеп кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлнар Сүлейменова, «Атырау-Жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашев, Атырау энерго кешені ардагерлер кеңесінің төрағасы Махамбетқали Қалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, физика және техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр Абдуррахман Бақтыгереев қатысты.

–Жасыратыны жоқ, бүгінде еліміздің батыс аймағы (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы) бөлек энергожүйемен қамтылады. Яғни, орталық Қазақстанға қосылған әуе желілеріміз жоқ. 2027 жылға дейін «КЕГОК» жүйелік операторымыздың жоспарына сәйкес, Ақтөбе мен Атыраудағы Қарабатанда қосалқы станциялар салынып, екі ортасына кернеуі 500 килоВольттық әуежелісі жүргізіледі. Сол кезде орталық жүйемен толықтай бірігеміз.

Баршамызға белгілі, жаз айларында электр энергиясына тапшылық болады. Сондай-ақ, станцияларымыз жөндеу жұмыстарына тұратын сәттер кездеседі. Маңғыстау, Атырауда жазда желілерге үлкен күш түседі. Салқындатқыш жүйелер қосылған кезде жағдай қиындайды. Сол кезде электр энергиясы жетіспеген кезде біз қуатты жүйелік оператордың көмегімен көрші Ресейден алуға мәжбүрміз. Ол кезде әрине, ақшаның бәрі сыртқа кетеді, — дейді «Атырау Жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашев.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, физика және техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр Абдуррахман Бақтыгереевтің пікірінше, бізде мамандар жеткілікті. «АЭС-тың тиімділігі өте жоғары. Ол күкірт диоксидін шығармайды. Радиоактивті қалдықты химиялық тұрғыдан қайтадан өңдей аламыз. Бізде АЭС-тың бірнеше буындары бар. Қазақстанға 3+ буын салынғалы жатыр. Ал, Чернобыльде бірінші буын салынған. Энергия жағынан тиімді әрі қауіпсіз болады», — дейді ол.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT