Мақат кенті әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аудан прокуратурасының аудандық жұмыспен қамту бөлімі және жеке сот орындаушылармен бірлесе отырып ұйымдастырған жәрмеңкесіне алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша жұмыссыз борышкерлер және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған пробациялық бақылаудағы тұлғалар қатысты. Басты мақсат - жұмыспен қамту.
Жәрмеңкеге аталған санаттағы 20-ға жуық адам қатысып, 6 жұмыс беруші мекемеден 60-тан аса бос жұмыс орыны ұсынылды. Мәселен "KENTECH" ЖШС 28/28 вахталық режимімен 4 түрлі кәсіп көздерін ұсынып жұмыс өтілінің 3-4 жылдан кем болмауын қаперге берді. Ал, бес адамды болса да жұмыспен қамтуға ниеттенген "Дан - Строй База ЛТД" ЖШС-і 5 күн жасап 2 күн демалатын тас қалаушыларды іздесе, "Ақжол Құрлыстың" өкілдері 50 жай жұмысшы (разнорабочий) сұрастыра келіпті. Жұмысшы іздеп жүргендерің қатарында "Сичим С.и.А Қазақстан" филиалы, "S.ALEM Construction", "People of Service" секілді ЖШС-тер де бар.
Екі қолға бір күрек табылар деп жұмыс іздеп келген тұлғалар құр алақан кетпеді. Жәрмеңке нәтижесінде 3 адам нақты жұмысқа орналасып, өзге тұрғындардың түйіндемелері тапсырылып қаралуда.
Аудан прокуратурасымен аталған шара үнемі өткізіледі және аталған санаттағы адамдарды толық жұмыспен қамту көзделіп отыр.
А.САДЫКОВ
Суреттер автордан