1941-1945 жылдары миллиондаған адам қаза тапты. Олардың ішінде солдаттар ғана емес, қарапайым азаматтар да көп болды. Ресми мәліметке сәйкес, төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында 25-27 миллион адам қаза болды.
22 маусымда бес миллион фашист шекараны кесіп өтті
Германия II Дүниежүзілік соғысты 1939 жылы қыркүйек айында бастап кетті. Бірақ ол кезде қарулы қақтығыстар Еуропа жерінде жүріп жатты. Дегенмен араға бір жыл салса да, 1941 жылы Кеңес Одағы соғысқа дайын болған жоқ. Ал жаудың нақты шабуыл жасайтын уақыты белгісіз болса, алдын ала дайындық жасау да мүмкін емес.
Германияның КСРО-ға баса көктеп кіруі жалғыз осы мемлекеттің ғана соғыс ашқанын білдірген жоқ. Олармен бірге 1941 жылы 22 маусымда Румыния, Венгрия, Финляндия, сондай-ақ, Хорватия, Словакия, Испания, Голландия, Норвегия, Дания, Швеция және Еуропаның басқа да елдерінің ерікті құрылымдары болды. Әлбетте Германияның одақтастары – Италия мен Жапония да КСРО-ға қарсы шықты.
Мұрағат деректеріне сәйкес, 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағының шекарасын жаудың шамамен бес жарым миллион солдаты мен офицері кесіп өтті. Ал жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясында бар болғаны бес миллионнан астам адам болды. Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты.
Бірінші қай қалаларға шабуыл жасалды
1941 жылы 22 маусымда тура сағат 4:00-де неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға қарсы соғысты бастады. Осы дата мен уақыт жайында танымал өлеңде айтылады. Алайда мұрағат материалдары бойынша шекараны бұзу әрекеттері одан бұрын басталған.