Бүгін азаматтарды қабылдау орталығында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кенті тұрғындарын әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бойынша қабылдады.
Қабылдауға «Аманат» партиясы аудандық филиалы, прокуратура, полиция, аурухана, мансап орталығы, білім, қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Аталмыш іс-шараға бас-аяғы 35-ке жуық адам келіп, өтініш тілегін білдірді.
Шара барысында тұрғындар аудан әкімі Азамат Саматұлына үй кезегі, ойын алаңы және балабақша салу туралы мәселелерін айтып, заңнамалық тұрғыда жауаптар алды.
Одан бөлек, мемлекеттік орган өкілдері де халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультациялық көмек көрсетіп, туындаған сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, алдағы уақытта тұрғындарға құқықтық көмек көрсету Доссор кенті, Бәйгетөбе ауылдық округінде жалғасын табатын болады.
Ә.Қасым