Санаулы күннен кейін, яғни 6 қазанда елімізде Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім қабылданатын жалпыұлттық референдум өтеді. Президент Қ.Тоқаев айтқандай, бұл «Халық үнін еститін үкімет» қағидаты аясында жүзеге асады. Осынау маңызды күнге орай Индер ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтіп, саяси науқаннын сырт қалмауға үндеген жиын өтті.
Бөлім мен мекеме басшылары қатысқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин өткізіп, әркімнің дауысы маңызды екенін жеткізді.
-Құрметті жиынға қатысушылар. Өздеріңізге белгілі, алдымызда референдум өтеді. Аудан бойынша бүгінде 18 дауыс беру учаскесі дайын тұр. Осы науқанға байланысты БАҚ-нда мақалалар, көшелерде бильбордтар ілініп, арнайы бетшелер таратылды.
Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер етеді. Референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сауал болады. Ендігі кезек, сіз бен бізде. Яғни дауыс беру учаскелеріне ауызбіршілікпен барып, өз таңдауымызды жасағанымыз дұрыс. «Біз бармасақ та, өтеді» деген көзқарас болмауы тиіс. Осыны ұжымдастарыңызға жеткізсеңіздер. Қалай дегенде де азаматтарымыздың салмақты шешім қабылдауы мемлекет үшін маңызды қадам болмақ. Сондықтан бұл саяси науқанда жауапкершілік танытайық.
Жалпы, 6 қазан күні таңғы сағат 7.00-ден бастан учаскелерде дауыс берушілерге жағымды атмосфера жасау мақсатында әуендер ойналып тұрады. Сонымен қатар, азық-түлік жәрмеңкелері кент бойынша 4 жерде өткізілетін болады, - деген ол Атырау облысы бойынша Индер мен Махамбет ауданында ғана халықаралық байқаушылар қатынасатынын қаперлеп өтті.
Айта кетейік, Индер ауданы бойынша 20234 адам дауыс беру құқығына ие.
Өз тілшіміз