Мемлекеттік кірістер басқармасына жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 3 күн қалғанын еске салады.
Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.
2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс.
Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары алғашында ескертумен шектеледі. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні
45 945 теңгені құрайды.
Б.Абдилдиева,
Мақат ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы