Референдум: Халықтық штаб өкілдері кеңөзектіктермен кездесті

Референдум: Халықтық штаб өкілдері кеңөзектіктермен кездесті
(0 Votes)

Бүгінде 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға орай үгіт-насихат іс-шаралары қарқынды жүруде. Халықтық штаб Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, АЭС-тің маңыздылығын түсіндірді.

«Ғылым мен техниканы одан әрі әртараптандыру — маңызды қадам. Сондықтан елімізде АЭС салу қажет» деген халық қалаулылары тұрғындармен кездесуінде АЭС салу ел үшін аса қажет екенін атап айтты.

-Президент Жолдауында АЭС салу мәселесін дұрыс көтерді деп есептеймін. Өйткені біз болашағымызда ұрпағымызға не қалдырамыз? Біз елімізді одан әрі қалай дамытамыз? Қазірдің өзінде елдегі электр энергия тапшылығы бар. Жалпы, энергия станциялары тозуы осы мәселені көтеруге алып келді. 6 қазанда өтетін референдум халықтың таңдауын жасауға, ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдіруге мемлекет тарапынан жасалған үлкен ұсыныс. Сол себепті, әр азамат өз ойын, пікірін білдіруге мүдделі, — деді Атырау қалалық мәслихатының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев.

Кеңөзектіктер атом электр станциясын салуды қолдайды. Өйткені мұнда электр энергиясының тапшылығы ыстық күндері айтарлықтай байқалады екен. Сондай-ақ, шаруашылыққа тигізер пайдасы зор дейді тұрғындар.

-Расымен де энергия жетіспей жатыр. Бұл проблема осы ауылдың өзінде де жаздың ыстықтығында қатты білінді. Ал Қазақстан бойынша осы мәселе әр жерде кездеседі. Энергия тапшылығы барлық саланың дамуына кедергі. Сондықтан, АЭС тұрғызуды 15 жыл бұрын қолдау керек еді, — дейді Көпжан Оразов.

Кездесу барысында басқа да тұрғындар АЭС салуды қолдайтынын айтып, маңыздылығын дұрыс түсінетіндіктерін жеткізді.

«Мамандардың айтуынша, АЭС деген өте пайдалы нәрсе, ауаға зиянды түтін, басқа шаңдар шығармайды. Сондықтан оның құрылысын салуды қолдаймыз. Мұны жанұямызға да айтып, түсіндіреміз», — деді тұрғындар.

Сонымен қатар халықтық штаб өкілдері Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің ұжымымен кездесті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT