ҚҰМАР ОЙЫНЫ ҚҰРДЫМҒА ҚҰЛАТАДЫ

ҚҰМАР ОЙЫНЫ ҚҰРДЫМҒА ҚҰЛАТАДЫ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы таяуда ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Бұған дейін Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдаған. Бұл шаралар букмекерлік кеңселерге келушілердің санын азайтуға бағытталған. Заңда құмар ойындарына тәуелді адамдарды оңалту тәртібі де қарастырылған еді. Әскери және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарына қатыса алмайды. Олай еткен жағдайда жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. Сонымен қатар, жаңа заң байланыс операторларына құмар ойындарға, бәс тігуге арналған жарнамаларды жіберуге де қатал тыйым салынған. Шындығы керек , қазіргі технологияның дамыған заманы адам үшін мүмкіндіктерді де молайтты. Бұл - жақсы. Алайда, оның екінші жағы да болатынын жоққа шығара аламыз ба? Жоқ. Соның бірі - сол мүмкіндіктерді қазірде етек алған құмар ой ындарды ойнауға пайдалану арқылы жылдам ақша тауып, табысын молайтып алсам деушілердің қатары азаймауы. Ал бұл бүгінгі қоғамның бір дерті десек болар.

Қоғам дертіне айналған құмар ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынқұмарлықтың қауіпті екенін ескере отырып, құмар ойындар мен компьютер ойындарына тәуелді адамдар нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екенін мойындады. Бүгінгі таңда әлем бойынша құмар ойынға тәуелділіктің себебінен суицид 15 есе артқан дейді. Сондай-ақ, құмар ойындарға қаражат табу үшін адамдар ортақ отбасылық мүлікті сатады, несие алады және түрлі қылмысқа барады. Мысалы, 2023 жылы астаналық қарызға белшесінен батқан бір азамат саудаға салу мақсатында досының көлігін иемденіп, оны өлтірген. Айналғанда құмар ойынға берілудің ақыры қылмыскер атандырған. Мамандардың пікірінше, мұндай ойын түрлері заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады, оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Аудандық полиция бөлімі кри миналды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Руслан Багитовпен телефон арқылы хабарласқан біз ауданда құмар ойындармен айналысу деректері туралы білгіміз келді. Оның айтуын ша, ауданда құмар ойындар ойналатын орындарға тыйым салынғалы бергі уақытта мұндай деректер тіркелмеген.

–Рас, - дейді ол, – компьютер арқылы қазір әлемдік деңгейде жүріп жататын осындай бір ойын түрлеріне өз еркімен онлайн қосылып жататын дар болар. Бірақ, бізге ондай жағдайлар бойынша да арыз данулар болған жоқ. Қарап отырсақ, қазір еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қалта телефонға үйірсек болып кетті ғой. Үлкендер жағы баланың қанша уақыт телефонда отыратынына мән бере бермейді. Шындығы керек, баласын бақылайтын ата-аналардың дені күнкөріс қамымен жұмысбасты болып кеткен. Яғни, қадағалау әлсіздеу. Мамандардың «дұрысы – балаларыңызды түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге жіберу. Сондай-ақ, үнемі баламен сөйлесіп, оның жан қалауын анықтап отыру керек» деген пікірлерін де ескере жүрген абзал дер едім. Жедел уәкілдің айтқандарын ойға түйе отырған менің есіме осыдан біраз жыл бұрын ауылдарымыздың бірінде орын алған оқиға түсіп отыр. Жас шамасы елуді орталаған азамат көп уақыттан бері карта ойнауды кәдімгідей әдетке айнал дырып алғанды. Ол бір карта ойыны деген дүрілдеп тұрған, қойшысы да, тойшысы да таңды таңға ұрып, алақағазбен алаң болуы әр ауылдан да кезігетін уақыт еді. Ағамыздың да қолы көбірек жүріп тұрған уақыт болу керек, талайды тақырға отырғызған екен дейді айтушылар. Бірақ, адамның дегені бола бере ме, оңай олжаға осылайша батып, күреп қаржы тауып жүрген азаматтың қолы кейінгі кезде баспай қояды. Сөйтіп, түн қатып, түс қашып дегендей, алақағаздың соңында әулекіленудің ақырында бар жиған-тергенін тауысса керек. Кей-кейде қолы шығып кететінінен дәмеленді ме, ол жаңа көлік алам деп жиған қаржысын да шетінен «жұмсай» бастаған сыңайлы. Ақыры әлгі ойынпаздықтың соңы сол қыруар қаражатының да соңғы сомаларын карта ойы нына салуына «мәжбүрлейді». Оңбай опық жеген жан сол күннен бастап қарта ойынынан қол үзеді. Алайда, әлгі оқиға азаматтың отбасының шырқын бұзып кетуге сәл қалады. Абырой болғанда, жан достары, жанашыр ағайын араласып, араға жүріп деген дей, бәрін әупіріммен сақтап қалулы. Міне, бұл мен естіген құмар ойынның бір «қорлығы» еді... Иә, соңы соншалықты «әуреге» салатын, өзіне «берілгендер» өмірін тас талқан ете алатын құмар ойындардың құрығынан сақтана жүргенге жетері жоқ.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT