«QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңі іске қосылды

(0 Votes)

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA»  жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты.

Бағдарламаның төртінші кезеңі - азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

«Qolda 4.0» байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.

Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:

  1. Экономикалық бағыттағы жобалар;
  2. Экологиялық бағыттағы жобалар;
  3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан).

Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынан табуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақытыбойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронды мекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдардыжобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамызhttps://t.me/Qolda_project

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон»  компаниясы «Qolda»  жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу.

 

2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін «Qolda» Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларынқолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты.

Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратыннауқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрынсотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521