Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз ісін ашу үшін грант ала алады

(0 Votes)
Фото: malim.kz

ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз ісін ашу үшін арнайы сайт арқылы өтініш беруге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтудың екі бағыты туралы жазған болатынбыз. Келесі үшінші бағыты - «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде шаралармен қамту.

Ұлттық жоба шеңберінде біліктілікті арттыру, кәсіпкерлікпен айналысу және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру шаралары іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні ұлттық жоба шеңберінде 13 мыңнан аса мүгедектігі бар жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, жұмыс берушінің тапсырысы бойынша қысқа мерзімді курстар, оның ішінде онлайн курстар да бар, - деп айтты Еңбекмині вице-министрі.

Оның сөзінше, биыл грант беру тетігі қайта қаралды. Оның ішінде халықтың осал топтарына, дәлірек, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балалары бар ата-аналарға басымдық беріледі.

Өтініштерді enbek.kz сайты арқылы онлайн жіберуге болады.

Сонымен қатар жеке ісін ашу үшін 481 адам және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 286 ата-ана грант алды. Онымен қоса, 1 200 мүгедектігі бар адам тұрақты жұмысқа және 5 900 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, - деп түсіндірді Ордабаев Олжас брифингте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521