«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1 Жалпы ережелер
- «Мемлекеттік тіл және БАҚ»республикалық байқауын
(бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. - Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру.
Байқау өткізудің міндеттері:
1) мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аудару;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар арқылы жұртшылықтың санасын жаңғырту;
3) қазақ тіліндегі контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
- Байқауды ұйымдастыру тәртібі
- Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады.
- Байқауға қатысу үшін Ереженің 9-тармағында көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген)
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына» деген белгімен 2025 жылғы
1 шілде сағат 24.00-ге дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мақалалар (2 мақала), теле-, радиобағдарламалар (1 бағдарлама);
3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары (мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым, интернет-ресурстар), теле-, радиобағдарламалардың жазбасы.
- Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінім қабылданбайды.
- Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
- Байқау материалдарын бағалау өлшемшарттары:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды жеткізу шеберлігі.
- Байқау екі номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле/ радиобағдарлама».
- Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасы құрамына кемінде бес адамнан тұратын тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар кіреді.
- Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың екі номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
- Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
- Байқауға қатысу тәртібі
- Байқауға кәсіби журналистер, телевизия және радио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Қазақстан Республикасының басқа да азаматтары қатыса алады.
- Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
- Байқауға қатысушылардан отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Материалдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейтудің тиімді жолдары көрсетілуі тиіс.
- Үміткерлердің байқауға ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктіліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін көпшілікке аша алуы қажет. Материалдарды бағалау барысында авторлардың заманауи біліктіліктері, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де ескеріледі.
- Байқауға қатысушы коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы қазақ тілінің қызметі, даму жолдары мен тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндауы қажет.
- Байқауға қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі ескеріледі. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі.
- Байқау қорытындысы туралы
- Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және жоспарланған жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
- Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: (87172) 74-01-35, 74-09-85.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне
қосымша
нысан
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына қатысуға өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________
———————————————————————————————
Жасы ________________________________________________________
Білімі____________________________________________________
Қызметі__________________________________________________
Мекенжайы______________________________________________
Байланыс телефондары_________________________________________
Мақала, теле-, радиобағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) _____________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Қосымша ақпарат __________________________________________
Қолы
Күні
Согласовано
14.02.2025 12:06 Жакенов Талғат Жумабекович
14.02.2025 12:08 Сагымбаева Майраш Каиргельдиновна
14.02.2025 12:11 Кокина Г. ((и.о Рахимжанов К.А.))
14.02.2025 12:13 Көкен Айнагүл Қожаназарқызы
Подписано
14.02.2025 12:29 Тлешов Ербол Ердембекович