Әлеуметтік жобалар Атырау облысының тұрғындарының өмірін қалай өзгертіп жатыр

(0 Votes)

Атырау облысында өзгерістер көбіне тыныш басталады — аудандық жаңа мектеп, ауруханаға құрал-жабдықтар, балаларға арналған үйірмелер, жергілікті қауымдастыққа уақытылы қолдау. Осыдан кейін өмір тұрақты әрі жайлы болады. Соңғы 30 жыл бойы «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы тек жобаларға емес, аймақ тұрғындарына инвестиция салып келеді.

1993 жылдан бері ТШО әлеуметтік жобаларды білім беру, денсаулық сақтау, азаматтық қоғамды дамыту және жергілікті қауымдастықтарды қолдау саласында жүзеге асырып келеді. Аймақта мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, демалыс аймақтары және қоғамдық кеңістіктер салынды және жаңартылды.

Компания жергілікті қауымдастықтарды дамыту мен азаматтық бастамаларды қолдауға ерекше мән береді. 2010 жылдан бастап ТШО ҮЕҰ-ға жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Бұл жобалар медицинаға қолжетімділікті арттыруға, білім беруді дамытуға, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға және азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған. Тек 2025 жылы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында облыста денсаулық сақтау, білім және қоғамды дамытуға арналған 20 жоба жүзеге асырылды.

Адамға деген қамқорлықтың жылы үлгісі — «Теңіз жүрегі» волонтерлік жобасы. 2023 жылдан бастап ол 5 100-ден астам аймақ тұрғындарын біріктіріп, 500-ден астам ерекше қажеттіліктері бар балаға қолдау көрсеткен, 200 жаңа туған балаға жылы киім-кешек тігілген.

Білім беру саласында Speaking-клубтар ерекше назарға ие. Шет тілін жетік білетін қатысушылармен бірге 600-ге жуық адам өздерінің коммуникациялық қабілеттерін дамытып, жеке және кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтті.

2010-2025 жылдары әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында 179 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде: «JasUp» — балаларды робототехникаға оқыту, «Janasha» («Шектелме») — қарттар демалысы, «Біз де адамбыз» — мүгедектерді тиімді реабилитациялау, «Талшын» инклюзивті театры, «АЯЛА» («Өмірге дем берейік») — жаңа туғандарға көмек, «БолашакК» — ерте араласу, «Qabilet» — ҮЕҰ акселераторы, «Қазақия» — «Асыл мұра» ұлттық мәдениет пен қолөнерді сақтау жобасы, «Жаркыра» — әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және басқа да бастамалар.

ТШО әлеуметтік жобалары — тек бағдарламалар мен инвестиция емес. Бұл — адамдарға және Атырау облысының болашағына салынған инвестиция, өмір сүргің келетін, оқығың келетін, дамығың келетін орта жасау, және ертеңге сеніммен қарау.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT