Құрылысшы – ел дамуының іргесін қалап жүрген нағыз еңбек адамы

(0 Votes)

Құрылысшы – тек ғимарат емес, болашақ тұрмыс пен тіршіліктің негізін қалап жүрген маман. Әрбір үйдің, мектептің, аурухананың, зауыттың, жолдың артында құрылысшының маңдай тері, адал еңбегі тұр. Сондықтан құрылысшы кәсібі – нағыз қоғамға керек, қадірлі мамандық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде: «Қоғамда жұмысшы мамандығының беделі мен мәртебесін арттыруымыз керек. Қандай жұмыс болмасын, егер ол адал әрі кәсіби деңгейде атқарылса, құрметке лайық», – деп атап өткен болатын.

Құрылысшы – тек кірпіш қалап, бетон құйып қана қоймайды. Ол – инженерлік есеп жүргізуші, сапаға жауапты маман, қауіпсіздік пен беріктік кепілі. Еліміздегі тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым мен жол саласы – құрылысшылардың ерен еңбегінің нәтижесі.

2025 жылдың «Еңбек адамының жылы» деп жариялануы – құрылысшы сияқты мамандық иелеріне деген құрметтің, қолдаудың белгісі. Бұл жыл – нағыз еңбек адамының мерейін өсіретін жыл болмақ. Құрылысшы еңбегі – ел болашағына салынған берік іргетас!

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT