Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

(0 Votes)
https://matritca.kz/

Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы, NEGE. Мәжілістегі үкімет сағатында министр жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды. Кодекстегі жаңашылдықтардың бірі отбасын әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты.

"Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады", - деді Дүйсенова үкімет сағатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болады.

 

Мақат тынысы

Сайлау

ybory-2023-price

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика