“Ел тірегі – ЕЛБАСЫ”. Осындай атаумен “Халық” қоры азаматтық белсенділік танытып, қайырымдылық шарасын атқарды.
Қор covid-19 пандемиясының және карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын ұсынды.
2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының нәтижесінде бірлігі жарасқан ел атандық.
Ел бірлігі халықтың тірлігінен де еркін аңғарылып келеді. Науқанның мақсаты – карантин салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету.
Аптаның сәрсенбісі күні азық-түлік себеттері кент әкімдіктері ұсынған тізімдер бойынша 50 отбасына кент әкімдіктері мен аудандық «Халық банк» бөлімшесі жеткізіп берді. Оның ішінде Мақат кентіне - 20, Доссор кентіне - 25, Бәйгетөбе ауылдық округіне-5 отбасыға берілді. Әр отбасына 3 себеттен, беріліп отыр. Онда күнделікті тұтынатын жиынтығы 50кг. болатын азық- түлік бар.
Мұндай акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Cуреттер автордікі