«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет оңтайлы жүзеге аса бастады.
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет пилоттық режимде 2020 жылғы 1 шілдеге дейін жедел іске асады.
Яғни, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бұдан былай жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға жеке жүгінуге мәжбүр болмайды. Егер бұрын «Батыр аналар» бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті өтініштер жазса, қазір рәсім жеңілдетілді.
Проактивті қызметті көрсету үрдісі ҚР Президенті әкімшілігінің ақпараттық жүйесінен еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» алғаш марапатталған көп балалы аналар туралы ақпарат түскен кезден басталады. Содан соң мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін Мемлекеттік корпорация жүйесіне түседі. Корпорация өз кезегінде келіп түскен электронды өтінішті қалыптастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентімен бекітілген мерзімдерге сәйкес уәкілетті ұйымдарға жолдайды. Уәкілетті ұйым бекітілген мерзімдерге сәйкес түскен электронды құжатты тексеріп, жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Шешім қабылданған соң, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға тағайындалған жәрдемақының мөлшері (тағайындаудан бас тарту) туралы СМС хабарлама жолдайды.
Проактивті қызмет көрсетілу үшін қызметті алушы мобильді азаматтар жүйесіне тіркелген болуы керек. Ол үшін кез келген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ұялы телефон нөмірін тіркетуге болады немесе электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы электронды үкімет порталына кіріп, тіркеуге, сондай-ақ «Телеграмм-бот» месенджерінің көмегімен тіркелуге мүмкіндік бар.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ
Атырау облысы бойынша филиалының
Мақат аудандық бөлімі