Қазақстанға 11 мыңнан астам қандас оралды

(0 Votes)

2022 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) Өзбекстаннан, 10,5% – Қытайдан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3%-і басқа елдерден қоныс аударды. Олар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қазақтардың саны – 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар – 27,1%, ал зейнеткерлер 13,4%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3%-і – жоғары білімді, 38,9%-і – арнайы орта білімді, 47%-і – жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз