Атыраулықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қолға алынған «80 алғыс сөз» челленджін қолдауда

(0 Votes)

Шымкент қаласының тұрғындары бастаған челленжді атыраулықтар бірден қолдай кетіп, Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған жазбалар мен мақалалар, бейнематериалдар мен фотоларды әлеуметтік желілердегі парақшаларына жариялауда. Сол арқылы ерлік пен елдікті, батырлық пен қайсарлықты насихаттап, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп жатыр.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау облысы әкімінің өкімімен өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның аясында бірнеше мәдени-танымдық және спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта Атырау облысында көзі тірі ҰОС ардагері жоқ. Ал оларға теңестірілген майдангерлер мен еңбек ардагерлеріне 2025 жылдың мамырында төмендегідей біржолғы әлеуметтік көмектер көрсетіледі:

- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің Атырау қаласындағы жалғыз тұтқынына 1 000 000 теңге беріледі;

- Жеңіске үлес қосқаны үшін марапатталған 13 тыл ардагеріне 100 000 теңгеден — барлығы 1,3 млн теңге көлеміндегі біржолғы ақшалай көмек көрсетілмек;

- 1941-1945 ж.ж. кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен марапатталмаған 711 тыл ардагеріне 50 мың теңгелік біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT