«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Атырау облысында республикалық маңызы бар «Мұқыр-Құлсары» (31-42 км) автомобиль жолдарын орташа жөндеу құрылысында цифрлық теңгені пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осы жоба бойынша Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, мердігер - «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС болып табылады. Жобаның бағасы 2 млрд теңгеден асады.
Нысанға келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері қазіргі уақытта мердігерге 100 млн цифрлық теңге бөлінгенін, содан кейін сома ұлттық валютаға айырбасталғанын және шарт бойынша «Нақзат» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізушісіне аударылғанын атап өтті.
Материалдар теміржол көлігімен «Мұқыр» станциясына жеткізіледі. 45 вагон келеді деп күтілуде. Станция 30 вагонға арналған т/ж тұйығымен, түсіруге арналған аумақпен, жарықтандырумен, қоршаумен, персоналмен және техникамен жабдықталған. Нысан құрылыс техникасымен қамтамасыз етілген.
Шарт 2024 жылдың қарашасында жасалды, аяқталу 2025 жылдың соңына жоспарланған. Құрылыс осы жылдың мамыр айында басталады. Жоба Департаменттің ерекше бақылауында.
«Заң мен тәртіп» қағидаты барлық қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етеді және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.
Цифрлық теңге платформасы бюджет шығыстарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Пилоттық жоба аясында бөлінген қаражат таңбаланады, бұл мердігерден бастап жеткізушілерге дейінгі барлық кезеңдерде ақшаны мақсатты пайдалануға кепілдік береді.
«Таңбаланған цифрлық теңгені тек қана көзделген міндеттемелерді орындауға бағыттауға болады, оларды қолма - қол ақшаға айналдыру немесе атаулы қажеттіліктерге қайта бағыттауға жол бермейді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ