Жылыой ауданының тұрғындары референдумда белсенділік танытуда. Арыстановтар отбасы да Құлсары қаласындағы №95 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық борыштарын орындап, таңдау жасады.
Гайдар Арыстанов – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ол жұбайы Жаңылсын Аманжолова екеуі ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдау күніне ерекше ықыласпен қатысты. Олар сайлау науқанының маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды болашақ үшін жауапкершілік танытуға шақырды. Гайдар Арыстанов референдумдағы белсенділік туралы былай дейді:
«Бұл референдум еліміз үшін жаңа кезеңнің бастауы. Әрбір азаматтың дауысы маңызды, өйткені біз ортақ болашағымызды бірге таңдаймыз. Менің ойымша, әр жылыойлық осы мүмкіндікті пайдаланып, өз ойын білдіруі керек». Жаңылсын Аманжолова да қазақстандықтарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырып, «Біздің дауысымыз – біздің болашағымыз. Сондықтан әрбір адам дауыс беріп, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс», – деп ой бөлісті.