Әр баланың өз несібесі бар

(0 Votes)

"Көп балалы аналардың беделін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік әл-ауқатын да жақсартамыз" деп бастама көтеріп жатқан министрдің сөзі бәріміздің бір қуантып тастады.

Бұған дейін де үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар аз емес. Алайда мен жалпы кіріс көзінің мөлшерден асуына байланысты атаулы әлеуметтік көмекті ала алмаған едім. Енді осы жолғы көмек кірісті есептемей төленетін болса, «нұр үстіне нұр» болатын еді.

Дамыған елдердегі көп балалыларға жасалып жатқан қамқорлықты көзіміз шалып, құлағымыз естіп жатқан соң  бізге де осындай жарқын сәттер қашан туады екен деп ойлайтынбыз. Міне, кешегі жаңалық тап шет елдегідей болмаса да, осының өзі көңілге үміт ұялатады.

Көп балалы ана ретінде президентімізге де алғысым шексіз, 300 мың теңге көлеміндегі несиемді жабуға сеп болды. Халықтың әл ауқаты аз да болса бір серпіліп қалды. Баламызды үкімет үшін өмірге әкелмесек те, төленетін жәрдемақылардан құр қалдырмаса екен дейміз. Әр баланың өз несібесі бар ғой. Енді алдағы күндері ұсыныс оң шешімін тапса, жеті балама 70 мың теңге аламын деп қуанып отырған жайымыз бар.

Г.Қамайқызы,
«Алтын алқа» иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT