Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарына өзгерістер енгізіліп, аталған қызметтерді көрсету тәртібі түзетілді.
Нақтырақ айтқанда, стандарттың ескі редакциясында аталған қызметтерді көрсету тікелей медициналық ұйымдар арқылы және ақылы түрде көрсету көзделген болса, ал жаңа редакцияда қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сондай-ақ, аталған қызметтерді көрсету тегін негізде жүзеге асырылады.
Осыған орай, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына арттыру мақсатында яғни, қызмет алу барысында түсініспеушіліктер орын алмас үшін барлық қызмет алушылардың назарларына ұсынылады.
Байшеркешов Жеңісбек Еламанұлы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы
Сурет: ашық дереккөзден