АМӨЗ, АтМГУ мен антикор ықпалдастық туралы келісімге қол қойды

(0 Votes)

   Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Мұрат Досмұратов пен АМӨЗ-дің компланс-офицері Талғат Омаров мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардың іскерлік беделін қорғауда комплаенс қызметінің атқаратын рөлін талқылауға арналған форумға қатысты.

   Кездесуге қатысушылар өздері қызмет атқаратын мекемелерде комплаенс жүйесін енгізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен жоюға негізделген іс-шаралар кешені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың іске асуы және комплаенс мамандары атқаратын қызметтің нәтижелері жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

rcne

   АМӨЗ-де комплаенс-қызметі 2019 ж құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес 2021 ж бері қызмет АМӨЗ-дің Бақылау кеңесіне тікелей бағынады. Комплаенс мамандарының негізгі мақсаты — зауыт жұмысшыларын өздері атқаратын қызметпен таныстыру, ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, кәсіптің ашық әрі адал жүруін бақылап, зауыттың іскерлік беделі мен оған деген сенімді арттыру. Комплаенс-офицері мүдделер қақтығысын реттеу, контрагенттерді тексеру секілді қызметтер атқарады, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан түскен шағымдармен жұмыс істейді. Талғат Омаровтың айтуынша, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ҚМГ-ның еншілес компаниялары арасында сауалнама жүргізген. Жұмысшылардың сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда қайда шағымданатындығы туралы хабардарлық деңгейін анықтау рейтингінде АМӨЗ 84%-ды көрсетіп, 3-орынға тұрақтаған.

ts_uc

   Форум соңында АМӨЗ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ және Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылары өңірдегі комплаенс қызметін жақсартуға бағытталған ықпалдастық туралы келісімге қол қойды.

 

Баспасөз бөлімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT