АЭС оңай игеретін жоба емес, сол себепті барлық тәуекелі ескерілуге тиіс

АЭС оңай игеретін жоба емес, сол себепті барлық тәуекелі ескерілуге тиіс
(0 Votes)

Экономист Ғалымжан Айтқазин жетекшілік ететін «Tengenomika» арнасының жазуынша, АЭС оңай игеретін жоба емес, сол себепті барлық тәуекелі ескерілуге тиіс. 

«Біріншіден, АЭС құрылысы арзанға шықпайды, ол ертеңгі күні бюджетке ауыр жүктеме түсіруі мүмкін. Референдум қорытындысы оң болған жағдайда максималды ашықтыққа негізделген қаржыландыру схемасын жасау қажет. Бұл жемқорлық факторын мейлінше жұмсартады және қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеткізушіні таңдау мейлінше ашық және барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік факторды ескеріп жүзеге асуға тиіс. Атом электр генерациясы – пайдалану мерзімі тұрғысынан да, төмен көміртекті болуы тұрғысынан да барынша оңтайлы және ұзақмерзімді шешім болып көрінеді», дейді сарапшы.

Қазірдің өзінде АЭС мердігерлері – әлеуетті компаниялар белгілі секілді. Олар – KHNP (Оңтүстік Корея), EDF (Франция), «GE-Hitachi», «NuScale» (АҚШ) және «Росатом» (Ресей).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT