Мақаттық сарбаздар әскери жиында

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» №296 Жарлығында: “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын”-, деген еді.

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды ұйымдастыру тапсырылды.

Осы жарлықтан соң республикамыздың әр жерінен әскери міндеттілер тарапынан ерікті ретінде қызметке баруға ниет етушілер көбейді.

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ертуған Амировтен білгеніміздей, біздің ауданнан да ел басына іс түскен кезде, белсене шыққан жандар табылмай қалмады.

Әскери жиынға шақырылушылар арасында медицина қызметкерлеріне, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс мамандары мен атқыштарға басымдық берілген. Сондықтан да ауданымыздан бел шеше жиынға қатысуға ниет білдіргендер әскерде радиациялық-химиялық, биологиялық қорғаныс взводында қызмет атқарғандар болды.

251f2346-d9f3-4d9e-90e7-ee9372bd20ac

Олар кімдер?

Олар: доссорлық Жандин Константин мен Сатыбергенов Айболат.

Еріктілер Жарлық шыққан соң қорғаныс бөліміне келіп, дайын екендіктерін білдірген.

e8cebd5c-b515-4723-8270-d28f776f9bfd

- Содан соң әскери міндеттілер медициналық тексеруден өтіп, арнаулы киімдермен қамтамасыз етілді, жатақханаларға орналастырылды. Арнаулы жиындарға шақыру 10 сәуір мен 10 мамыр аралығын қамтиды. Егер жастар төтенше жағдай жарияланғанға дейін жұмыста болса, еңбекақысы бұрынғыша төленеді. Ал, жұмыссыз жүргендерге ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 42500 теңге беріледі. Олар тамақпен, арнаулы киімдермен толықтай қамтамасыз етілді, деді – аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы майор Ертуған Амиров.

Әскерде темірдей тәртіп пен талапқа икемді жігіттер бірден қызметтеріне кірісіп кетті. Олар Атырау қаласындағы блок бекеттерде дәрігер және полиция қызметкерлерімен бірге күзетте болып, қаланы залалсыздандыру жұмыстарына қатысады.

Әскери жиынға қатысуды азаматтық борышы санайтын жерлестеріміз мамыр айының 10-на дейін қала аумағында болып, төтенше жағдай кезіндегі жауапты қызметтерді атқаратын болады.

Ел амандығы мен халықтың саулығы үшін азаматтық борышын өтеуге ерікті түрде еңбек етіп жүрген Айболат пен Константиннің ісі жерлестерге үлгі.
Елдің амандығын ойлайтын, Отанымыздың келешегіне сенетін жастармен мақтанамыз.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT