ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ

(0 Votes)

Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің барлық салаларында либералды өзгерістер мен демократияландыруға бағытталған саяси реформалар жүргізілуде.

Бұл ретте «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу биыл сәуір айында басталған болатын. Жаңарту жұмыстары «Халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізілді. Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы құжаттың алдағы күндері атқарылатын нақты бағыттары мен мақсат-міндеттерін айқындап берген еді.

Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Сондай-ақ, елдегі өзекті мәселелер мен тұрғындардың қажеттілігі де ескерілген.

Саяси тұғырнама партия мүшелері, депутаттар, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып бірлесе талқылаған пікірталастың нәтижесінде пайда болды. Құжатты әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл ретте барлық өңірлерден ұсыныстар жинау және әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы әр партия мүшесіне құжатқа қатысты өз пікірін айтуға мүмкіндік берілді. Яғни, жаңа саяси тұғырнаманы дайындау жұмысына атсалысам деушілердің еркін араласуына жол берілді.

Әлеуметтік сауалнамаға 17 облыс және республикалық маңызы бар қалалардан 42 859 партия мүшесі қатысқанболатын. Оған ауданымыздың да партия өкілдері атсалысып, өз бастамаларын жолдады.

Жаңа саяси тұғырнаманың негізгі ерекшелігі құжатты әзірлеу және жазу алғаш рет толығымен қазақ тілінде жүргізілді. Сондай-ақ, «Адам – Қоғам – Мемлекет» қағидасы бойынша құрылып, мұнда әрбір азаматтың әл-ауқаты басты назарға алынды.

Тұғырнама «Біздің басты байлығымыз – адам», «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі», «Мемлекет және біз» атты үш бөлімнен тұрады.

Алғашқы бөлімде отбасы, білім, денсаулық, еңбек мәселелері қамтылса, екінші бөлімде бірлік, әлеуметтік әділдік, руханият, жастар мәселесі назардан тыс қалмаған. Ал, соңғы бөлім ұлттық қауіпсіздік, заң және тәртіп, мемлекеттік басқару, экономика, экология және ауыл шаруашылығы салаларын біріктірген.

Бұл ретте партия төрағасы Ерлан Жақанұлы: «Әрбір партиялас саяси тұғырнаманы біліп қана қоймай, ондағы құндылықтармен бөлісуі керек. Оны күнделікті жұмысында басшылыққа алғаны маңызды»,- деп атап өткен болатын.

Олай болса, билік пен қоғам арасындағы алтын көпір болған біз барлық тәжірибеміз бен қабілетімізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған түбегейлі реформаларды табысты іске асыруға бағыттаймыз.

 

Ә.ҚАРЖАУОВА,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521