Өткен тәулікте, 5 сәуір 2024 ж.:
Жайық өзені – Индербор кентінің гидропостында БҚО тарапынан судың келуі есебінен өзен деңгейі 52 см-ге көтерілді, Жайық өзені – Махамбет кентіндегі гидропосттағы өзен деңгейі 14 см-ге көтерілді, Атырау қаласындағы Жайық өзенінің гидропостындағы су деңгейінде өзгеріс жоқ, Қиғаш - Шортанбай өзені су бекетіндегі тәулік ішіндегі өзен деңгейі 2 см-ге төмендеп, 204 см-ді құрады, бұл ахуал Вогоград су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшерінің азаюына байланысты қалыптасып отыр.
Ембі өзеніндегі су деңгейі төмендеді және гидрологиялық постқа жақындау мүмкіндігі пайда болды. 5 сәуірдегі жағдай бойынша Иректі су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшері 2300 м3/с құрайды, 6 сәуірдегі жағдай бойынша - 2170 м3/с.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы