Түрмеден хабарласатын алаяқтар бар

https://www.inform.kz
(0 Votes)

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай түрмеден қоңырау шалатын интернет-алаяқтар туралы мәліметті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында кейбір интернет-алаяқтардың түрмеден хабарласатыны туралы сауал қойылды.

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігінің өкілі аталған жайтты растады.

«Иә, ондай жағдай болды. Біз Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен аталған мәселе бойынша бірнеше бірлескен іс-шара өткіздік. Қамауда отырған тұлғалардың қатысы бары анықталды. Бұл бағытта шұғыл алдын алу шаралары жиі өтіп тұрады. Аталған жайт бойынша фактінің болғанын растаймын. Дәл қазір менің қолымды нақты деректер жоқ, кейінірек жібере аламын», - деді Жандос Сүйінбай тілші сұрағына жауап бере отырып.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT