Әр жағдай мемлекет бақылауында

(0 Votes)

Украина мен Ресей соғысының басталғанына бірнеше уақыт өтті. Сол уақыттардан-ақ Ресей азаматтарының елімізге көшіп келуі халық арасында өзара пікір тудыра бастаған еді. Себебі, шекараны жабу туралы талаптар айтылып, бұл жағдайдың экономикамызға өзгеріс әкеліп ғана қоймай, зат бағасының шарықтап кетуіне өз әсерін тигізуі мүмкін және олардың елімізге келіп жұмыс жасауына қарсымыз деген пікірлер кеңінен таралды.

Бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстанда мигранттардың келуі мен болуы Көші-қон бақылауында екенін, шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібі заңмен реттелетінін,  бірде-бір шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын орындамай, мемлекетіміздің аумағында бола алмайтынын мәлімдеп отыр.

Сондықтан, бұл мәселеге дүрлігудің ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені, осы тұста сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та барлық көші-қон мәселесі тиісті заң бойынша реттелетінін баса айтқан болатын. Одан бөлек, мемлекетіміз де жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

 

 

Ш.Ищанғалиев,

Мақат аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521